Мұхтар Әблязов

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

1963 жылы 16 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Ванновка ауылында дүниеге келген.

Отбасы: Әйелі — Алма Шалабаева. Балалары: Мадина, Мадияр, Алуа және Алдияр.

1986 жылы Мұхтар Әблязов Мәскеу инженерлік-физикалық институтын «теоретик-физик» мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ мемлекеттік университетінде (ҚазМУ) инженер, кіші ғылыми қызметкер, инженер болып жұмыс істеді. 1990 жылы МИФИ аспирантурасына түсті, бизнеспен айналысты.

  • 1991-1993 — «Мадина» ШК директоры.
  • 1992 — «Астана-Холдинг» фирмасы президенті.
  • 1993-1997 — «Астана-Холдинг» холдинг компаниясы президенті.
  • 1997 жылдың маусымынан — «KEGOC» ұлттық компаниясы президенті.
  • 1998-1999 — Қазақстан энергетика, индустрия және сауда министрі.

Алаяқ-оппозиционер

Алаяқ-оппозиционер

1998 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет құрамын «жасартты». Ораз Жандосов премьер-министрдің бірінші орынбасары, Сауат Мыңбаев — қаржы министрі, Берік Имашев — шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы және президент көмекшісі, Нұрлан Қаппаров – «Қазақойл» басшысы қызметтерін атқарды. Мұхтар Әблязов энергетика министрі болды.

1999 жылғы мамырда президент Әблязовқа министрліктің және басқа да ведомстволық бағынысты органдардың қызметіне бақылауды әлсіреткені және президент тапсырмалары бірнеше рет уақтылы орындалмағаны үшін сөгіс жариялады.

1999 жылғы тамызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына «БЭЖ» РАҚ басқарма төрағасының орынбасары Валентин Завадников қол қойған өтініш келіп түсті. Ресейлік шенеунік Екібастұз ГРЭС-2 базасында бірлескен кәсіпорын құру және Қазақстанның РФ алдындағы борыштары проблемасын реттеу жөніндегі келіссөздер қазақстандық шенеуніктердің кінәсінен жасанды түрде созылып жатқанын хабарлады. Сонымен қатар, Завадников бұл шенеуніктердің қарыздар мәселесін шешуге жеке мүддесі барын айтты.

Екібастұз ГРЭС-2-ге қатысты Қазақстан мен Ресей арасындағы келіссөздер «Ресей БЭЖ» РАҚ басшысы Анатолий Чубайстың Қазақстанға сапарынан кейін басталды. Оның келуі ҚР 1994-1996 жылдар аралығында ресейлік электр энергиясын сатып алу үшін жинақтаған борыштар проблемасын шешіп беруі керек еді. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап қарыз көлемі $39 млн екенін мойындады. Бюджетте қажетті сома болған жоқ, сондықтан тараптар ресейліктерге жаңа энергетикалық БК-дағы үлес қосады деп келісті. Оған Екібастұз 2-ГРЭС және Екібастұз-Омбы Вэл-500 электр беру желісі кіруі тиіс еді. Сондай-ақ, бірлескен кәсіпорын болашақта қазақстандық электр энергиясын Ресейге экспорттай алады деп болжанды.

Бірлескен кәсіпорын құру туралы бірінші хаттамаға 1998 жылғы қарашада Анатолий Чубайс пен Қазақстанның энергетика, индустрия және сауда министрі Мұхтар Әблязов қол қойды. Құжатқа сәйкес, кәсіпорындағы ҚР үлесі 25%-дан кем емес + 1 акцияға тең болды. Кәсіпорынның барлық мүлкін бағалау ғана қалған.

Назарбаевқа жазған хатында Завадников бір күні оған «А. К. Наурызбаев мырзадан ҚР энергетика, индустрия және сауда министрі М. Қ. Әблязов мырзаның атынан айтқан ұсынысы» келіп түскенін хабарлады. Ол «Ресей БЭЖ» РАҚ басқарма төрағасы А. Б. Чубайс пен ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Қ. Тоқаевтың Мәскеуге сапары кезінде хаттамаға қол қою шарты ретінде ұсынылды. Мұндай мүддені іске асыру тетігі Екібастұз ГРЭС-2 мүлкінің және жоғары вольтты ВЛ-500 желісінің бағалау құнын төмендетіп, оны «БЭЖ» РАҚ-ның кейбір қосымша құрылтайшы-борышкерлерінің үлесіне айырбас ретінде БК жарғылық капиталына шамамен $130 млн мөлшеріндегі дебиторлық берешек сомасына енгізуден тұрды, бұл ретте осы ұсынысты іске асыру жалпы Қазақстан бюджетіне $280-нан $430 млн дейінгі көлемде залал келтірді.

1999 жылдың күзінде Әблязов келіссөз процесінен шеттетіліп, министр қызметінен кетті. Ол бизнеске оралды. Қазан айында Әблязовқа қатысты ҚР ҚК-нің 307-бабы 3-бөлігі «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

1999 жылғы 26 желтоқсанда ҚР ҚК-нің 177-бабы, 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша екінші қылмыстық іс, 2000 жылғы 26 маусымда — ҚР ҚК-нің 325-бабы, 2-бөлігі «Бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша үшінші қылмыстық іс қозғалды.

2001 жылдың қараша айында Ғалымжан Жақиянов, Төлен Тоқтасынов, Мұхтар Әблязов, Болат Әбілов, Ержан Тәтішев, Нұржан Субханбердин, Ораз Жандосов, Жаннат Ертілесова, Қайрат Келімбетов және Әлихан Бәйменов «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық қозғалысының құрылғанын жариялады. Біраз уақыттан кейін Әблязовқа қатысты тағы бір қылмыстық іс пайда болды — заңсыз кәсіпкерлік қызмет.

2002 жылғы шілдеде ҚР Жоғарғы соты бұрынғы энергетика министрі Мұхтар Әбілязовті жалпы режимдегі түзеу колониясына алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, сондай-ақ екі жыл мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырды. Сот Әблязовтың «KEGOC» ААҚ мемлекеттік кәсіпорнына 557 млн 665 мың теңге көлемінде залал келтіргенін анықтады.

2003 жылдың сәуірінде Мұхтар Әблязов Нұрсұлтан Назарбаевтың атына рақымшылық жасау туралы өтініш жазды. 13 мамырда Қазақстан Президенті өтініш берген бірқатар адамға рақымшылық жасау туралы Жарлыққа қол қойды, олардың арасында Мұхтар Әблязов те болды.

Әблязов бостандыққа шығып, бизнеске оралуды, атап айтқанда, «БТА Банкін» басқаруды көздеді.

1997 жылдың ақпан айында ҚР Үкіметі «Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығару туралы» қаулы қабылдады. Бұл құжат жаңадан құрылған «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның өтімділігін жақсартуға бағытталған және Қаржы министрлігінің кейіннен оларды банкке бере отырып, мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығаруын көздеді.

1997 жылғы 5 маусымда ҚР премьер-министрінің өкімімен ҚР Мемлекеттік Медетші банкіне «ТұранӘлем Банкінің» $61 млн мөлшеріндегі несие берешегінің бір бөлігін сатып алу тапсырылды, соның арқасында банктің қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелері жақсарды. Банкті жекешелендіру туралы шешім жасалды.

1998 жылдың 23 наурызында сауда-саттық өткізіліп, «Қазақстандық инвесторлар» консорциумы «ТұранӘлем Банкінің» 100% акцияларының сатып алушысы және жеңімпазы атанды. Қолда бар ақпарат бойынша консорциум тендерге қатысу үшін арнайы құрылған болатын, ал оның жария емес қатысушысы мен көшбасшысы сол кезде ресми түрде «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ (KEGOC) президенті болған Мұхтар Әблязов болды. Банкті жекешелендіргеннен кейін Басқарма төрағасы қызметін Ержан Тәтішев атқарды.

2004 жылы Ержан Тәтішев аңшылықта қаза тапты. Бастапқыда тергеудің негізгі нұсқасы апат еді. Тәтішев қайтыс болғаннан кейін Мұхтар Әблязов банкке бақылауды қайтарды.

Алайда, 2009 жылы Қазақстан Үкіметі банктің банкрот алдындағы жағдайына байланысты «БТА банкін» мемлекет иелігіне қайтару процесін жүргізді. Ол кезде БТА елдің бүкіл төлем жүйесінің шамамен 25%-ын алып отырған.

Сөйтсек, Мұхтар Әблязов пен оның сыбайластары миллиардтаған ұрлық жасаған екен. Барлық алаяқтық схема жалған және оффшорлық фирмалар арқылы жасалған. Банк мемлекет меншігіне алынғаннан кейін Мұхтар Әблязов Қазақстаннан кетіп, 2010 жылы Ұлыбританиядан саяси баспана алды.

2017 жылдың маусымында Мұхтар Әблязов «БТА Банктегі» жымқыру ісі бойынша 20 жылға сырттай сотталды. Қазақстан банкирді 7,5 млрд АҚШ долларын жымқырды және елден шығарды деп айыптады.

Сол кезде Алматыдағы арнайы операция барысында қазақстандық арнайы қызметтер «ҚазСтройСтекло» ЖШС бас директорының кеңесшісі Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Ол 194-баптың 3-бөлігінің 2-тармағында көзделген («Ірі мөлшерде мүлік иемдену мақсатында қорқытып алушылық») қылмыстық заңбұзушылық жасады деген күдікке ілінді.

2017 жылдың қазан айында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен Мұратхан Тоқмәди ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, 287-бабы 4-бөлігі бойынша орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару инспекциясы мекемесінде жазасын өтеуге үш жылға бас бостандығынан айырылды. Осы уақытта қазақстандық телеарналардың бірінде Ержан Тәтішевтің өліміне куә болған Мұратхан Тоқмәди туралы деректі фильм шықты. Тоқмәдидің айтуынша, ол Мұхтар Әблязовтің тапсырысы бойынша кісі өлтіргенін мойындаған. 2004 жылы ол досын өлтіргеніне жазаланбауы үшін кінәсіз деп танылу мақсатында тергеушілерге пара берген. Фильм авторларының пікірінше, Тәтішев қайтыс болғанға дейін Тоқмәди банктен қыруар сома — $4 млн астам қаражат алып, досы Сергей Непропекинмен бірлескен бизнес құра бастады. Мұхтар Әблязов Тоқмәдиді банкир оны кез келген уақытта алмастыра алатынына сендіре отырып, осылайша Тәтішевтің көзін жоюға көндіре отырып, Тәтішевке айдап сала бастайды. Журналистердің пікірінше, Әблязовтің Тәтішевке деген мұндай қарым-қатынасы қызғаныш пен реніштен туындаған. Ержан Тәтішев қайтыс болғаннан кейін Әблязов банкте оның лауазымына ие болды.

2018 жылдың ақпан айында сот процесінде Тоқмәди Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады. 2018 жылғы наурызда Сот Мұратхан Тоқмәдиді ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің «ж» және «з» тармақтарында (1997 ж. редакциясында) көзделген — «Бір топ адам алдын ала сөз байласу арқылы, пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша жасалған не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен немесе бандитизммен ұштасқан кісі өлтіру» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп тануға үкім шығарды. Оған қоса, мүлкі тәркіленбей он жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

2018 жылғы қарашада сот Мұхтар Қабылұлы Әблязовті 1997 жылғы редакциядағы ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-бөлігі «ж», «з» тармақтары 96-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тану және осы бап бойынша оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

2020 жылдың желтоқсанында Мәскеудің Таган соты Мұхтар Әблязовті 60 млрд рубль ($800 млн астам) жымқыру ісі бойынша 15 жылға соттады. Әблязовқа және онымен бірге іс бойынша бірнеше адамға алаяқтық, қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті заңдастыру, ұйымдасқан топпен алдау жолымен аса ірі залал келтірген деген айып тағылды.
«Айыпталушылар Ресейден тыс жерде жасырынып жүр, оларды беруден бас тартты», — делінген прокуратура хабарламасында.
«Айыпталушылар Ресейден тыс жерде жасырынып жүр, оларды беруден бас тартты», — делінген прокуратура хабарламасында.
«БТА банкте» жұмыс істеген Анатолий Ерещенко мен Александр Удовенко 13 жыл колонияға сырттай сотталды, Татьяна Параскевич — 12 жылға бас бостандығынан айырылды, Игорь Кононко — он жыл колонияға тоғытылды. Сот 173 млрд рубльден астам сомаға банкке мүлік залалын өтеу туралы азаматтық талапты толық қанағаттандырды. Бұл талапты қамтамасыз ету үшін жер учаскелеріне, оффшорлық компаниялардағы акцияларға және Әблязовтың шоттарына, сондай-ақ басқа айыпталушылардың 24 млрд рубль сомасындағы мүліктеріне тыйым салынды.

2002 жылы Мұхтар Әблязов пен оның серіктесі Ғалымжан Жақиянов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын сот 2018 жылдың наурыз айында экстремистік ұйым деп таныды. Қазақстан Бас прокуратурасының мәлімдемесінде ДВК мақсаты билікті күшпен басып алу және қоғамдағы араздықты қоздыру екені айтылды. Тыйым салынған қозғалысқа қатысқаны үшін және кез келген қолдауы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Қазақстаннан тыс жерде жүрген Мұхтар Әблязов өз жақтастарын билікті құлатуға шақырып, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеп жатыр. Ол әр жылдары Айдос пен Наталья Садыковтармен, Жанара Ахметпен (Жанна Бота), Ермек Нарымбаевпен бірге жұмыс істегені белгілі.

Әблязовтің қылмыстық әрекетінде әйелдер маңызды роль атқарды. Біреулерінің көмегімен ол Қазақстаннан ақша шығарса, ал басқалары оны жауапкершіліктен жалтаруына қолғабыс етті. Әбілязовтің қылмыстық өмірбаянында Ботагөз Жәрдемәлі, Людмила Козловская, Ирина Петрушова ерекше роль атқарды.Мұхтар Әблязовтің «оппозициялық ісіне» келсек, ол — рұқсат етілмеген митингілерді ұйымдастыру. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап ҚДТ тыйым салынған ұйымының лидерлері ұйымды «Көше партиясы» деп атауды ұйғарады.
«Бұл ҚДТ-ның экстремистік қызметін жаңа атаумен жалғастыру және жауапкершіліктен құтылу мақсатында жасалды. Бұл мән-жайларға ҚДТ экстремистік әрекетіне қатысты ІІМ жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында анық дәлел табылды. Алынған материалдарды зерттеу қорытындысы бойынша сарапшылар ҚДТ «Көше партиясы» қозғалысына айналды деген қорытындыға келді. Экстремизмге қарсы іс-қимыл аясында прокуратура сотқа ұйым атауының өзгеру фактісін анықтау туралы өтінішпен жүгінді», — деп хабарлады Бас прокуратура.

Нұр-Сұлтанның Есіл аудандық сотының 19 мамырдағы шешімі бойынша арыз қанағаттандырылды. Сот ҚДТ атауын «Көше партиясы» деп өзгергенін анықтады және олар бір экстремистік ұйым болып саналады.
«Сот Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында «Көше партиясы» деген жаңа атаумен, оның ішінде БАҚ, телекоммуникация желілерін, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен бейнехостингтерді пайдалану, ақпараттық материалдарды тарату арқылы ҚДТ қызметіне тыйым салды. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 243-бабына сәйкес соттың бұл шешімі дереу орындауға жатады», — деп нақтылады Бас прокуратура өкілдері.

Сот шешіміне қарамастан, Әблязовтың жақтастары санкцияланбаған митингілерді ұйымдастырып, оларға қатыса отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде бұзып жүр. 2018 жылы ҚДТ белсенділеріне қатысты бес қылмыстық іс қозғалды.

2019 жылдың қараша айында Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында ДҚДТ қоғамдық бірлестігінің қызметіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған Әнуар Әшіралиев, Оксана Шевчук, Гүлзипа Жаукерова және Жазира Демеуоваға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

2019 жылдың наурыз-мамыр айларында Шевчук, Жаукерова, Демеуова және Әшіралиев ҚДТ қозғалысы мен идеясын қолдай отырып, бұл қозғалыстың экстремистік деп танылғанын біле отырып, бірнеше рет санкцияланбаған митингіге қатысқаны айтылды. Олар ҚДТ лидері Мұхтар Әблязовтің талаптарын қоя отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы билігінің жағымсыз бейнесін айтқан.

Сонымен қатар, 2019 жылдың мамыр айында аталған тұлғалар саяси тұтқындарды қолдау үшін бейнеролик түсірді, видео Мұхтар Әблязовтің Instagram-парақшасында жарияланды.

Сотта сотталушылар кінәсін мойындамады. Бірақ ол куәгерлердің айғақтарының, сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысының, митингіден бейнежазбаларды қараудың, тінту хаттамаларының арқасында дәлелденді, нәтижесінде сотталушылардың үйлерінде ҚДТ қызметіне қатысты парақшалар, сондай-ақ басқа да заттай айғақтар табылды.
«Кінәсін жеңілдететін мән-жайлар ретінде жаза тағайындаған кезде сот сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының, сондай-ақ Әшіралиевтің үшінші топтағы мүгедектігінің болуын ескерді. Сот үкімімен Шевчук, Демеуова, Жаукерова, Әшіралиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабы 2-бөлігі (экстремизмді жүзеге асыруға байланысты олардың қызметіне тыйым салу туралы сот шешімінен кейін қоғамдық бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметін ұйымдастыру және оған қатысу) бойынша әрқайсы бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды», — деп хабарлады соттағылар.

Олар қоғамдық бірлестіктерде қызмет ету құқығынан да 2 жылға айырылды.

2020 жылдың ақпан айында Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс қазақстандықтарға үндеу жасады.
«Бас прокуратура «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының заңсыз қызметі туралы бірнеше рет ескерткен болатын. Оның лидері – Мұхтар Әблязов, кейбіреулердің пікірінше, тіпті сенуге болатын қарапайым ақылды адам. 90-жылдары ол бизнесмен болып бастап, кейін "KEGOC" ұлттық компаниясы мен Энергетика министрлігін басқарды. Бірақ содан кейін ол халық пен мемлекеттен ақша жымқырып, бизнес серіктестерін алдап, тіпті оларды өлтіруге тапсырыс бере бастады. Энергетика министрі ретінде ол сыбайлас жемқорлық үшін сотталып, 2002 жылы алты жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін ол өкініп, ел басшылығынан және халқынан кешірім сұрады, түзелуге уәде берді. Сенім беріліп, ол кешірілді және босатылды.

Алайда ол ашкөздікке бой алдырып, қылмыстық әрекетін жалғастырды. Сот оның 2005 жылы өз бизнес-серіктесі – "БТА Банкінің" төрағасы Тәтішевті тапсырыспен өлтіруді ұйымдастырғанын анықтады. Кісі өлтіруді орындаушы Тоқмәди аң аулау кезінде Тәтішевті өлтіруге төрт миллион АҚШ долларына тапсырыс қабылдап, оны жазатайым оқиға ретінде көрсеткенін мойындады. Тәтішевтің өлімінен кейін Әблязов банкті басқара бастады, өзінің жақын адамдарының қатарынан қылмыстық топ құрды және оларды банктің барлық басшылық қызметтеріне орналастырды», — деді Петерс.

Ол Әблязовтың қылмыс схемалары әртүрлі болғанын айтты. Ол жалған құжаттармен жалған фирмаларына миллиардтаған несие беріп, содан кейін оларды жеке қажеттіліктеріне пайдаланған.
«Рамбурс» ЖШС-нің бақылауындағы компанияға ол 103 млрд теңге берді, ал ЖШС-нің жарғылық капиталы 92 мың теңге болған. Ұрланған ақшаға Әблязов акциялар, зәулім үйлер мен пәтерлер сатып алды. Ол өз отбасы үшін үш ұшақ сатып алды, оларға қызмет көрсету үшін жыл сайын банктен бір миллиард теңге бөлді. Әблязовтің барлық айла-амалы ашылған кезде, ол 2009 жылы Ресейге, кейін Англияға, ал 2012 жылы Францияға қашып кеткен. Бірақ бұған дейін шетелде бәрі өзіне ыңғайлы болуы үшін барлық ақшаны офшор арқылы алдын-ала жебіріп қойғаны анықталды. Офшорлар – бұл шетелдік компанияларды ешкім тексермейтін, нақты иелерін жасыра алатын және салық төлемейтін елдер. Қылмыстық ақшаны жылыстату үшін тамаша жағдайлар жасалған. Офшорлық елдерді пайдаланып, ол 7,5 млрд доллар ұрлады.

Әблязовтың алаяқтығынан тек қазақстандықтар емес, француздар, немістер, америкалықтар және басқалар зардап шекті. Оны Ресей мен Украина іздестірді, онда ол миллиардтаған ақшаны да ұрлады. Алдыңғы жылы Нью-Йорк соты Әблязовті қылмыскер деп танып, оның саяси қудалау туралы дәлелдерін жоққа шығарды. Лондонның Жоғарғы соты оны алаяқтық жасады деп танып, 4 миллиард доллар өндіріп алды, жалған айғақтар үшін 22 айға бас бостандығынан айырды. Англия ІІМ оны босқын мәртебесінен айырды, сондықтан Әблязов Францияға қашып кетті. Осы сәттен бастап ол Қазақстан билігі қудалаған саяси қайраткер, демократия үшін күрескер ретіндегі өзінің имиджін белсенді түрде қалыптастыра бастады.

Өз еліне алаңдаған адам "Вечерний Бішкек" газетіне берген сұхбатында қырғызстандықтарға қазақстандықтар құрғақшылықтан зардап шегіп, наразылығын білдіре бастауы үшін Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне су беруді жабуды ұсынуы мүмкін бе? Қазір оған қатысты көптеген азаматтық процесс жүріп жатыр. Қазірдің өзінде бір миллиардтан астам АҚШ доллары қайтарылды. Қылмыстық іс аясында сегіз айыптау үкімі шығарылды. 42 адам сотталды», — деді Бас прокуратураның ресми өкілі.