Жанара Ахмет

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

Ахмет Жанара Ботайқызы (Жанна Бота) 1969 жылдың 21 ақпанында туған.

Саясаттағы аспаз әйел

Саясаттағы аспаз әйел

Бүгінде Жанара Ахмет Киевте тұрып жатыр, мәнті түйіп сатады: ҚДТ-дағы бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен жанжалынан кейін оның күн көретін жағдайы жоқ. Ал бір кездері ол өзін тәуелсіз журналист деп атайтын, бірақ БАҚ-та бірде-бір күн жұмыс істеп көрмеген.

Шынтуайтына келгенде, Жанара Ахмет — қарапайым алайық, қылмыстары сотта дәлелденген. Ол соттан қашып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекарадан заңсыз өтіп жүргенінде ғажайып бір себеппен оппозиционер болып кетті.

2005 жылғы наурыздан 2008 жылғы қазанға дейін Жанар Ботайқызы азаматтардан алдау жолымен 50 млн тг астам қаражатты иеленіп алған. Ол біреуге сатып алу үшін қолайлы пәтер табуға уәде берген, ал біреуге банктік несие мәселесін шешуге уәде берген, ал біреуден жай ғана қарызға алған.

Ахмет әрекеттерінен зардап шеккендердің бірі — Фарида Батырбаева. Өкінішке қарай, ол өз ақшасын қайтара алмады. Бұл аз болғандай, алаяқ Ахмет соңында Батырбаеваны «тапсырысты орындады» деп айыптады
«Біз 90-жылдардың соңында, Жанна Ахметова (ол кезде ол осылай танысатын) Қазақстанда бірқатар білім беру жобасын жүзеге асырған кезде, мысалы, белгілі педагог Шалва Амонашвилидің дәрістерін ұйымдастырған кезде таныстық. Ол аз десеңіздер, біз отбасыларымызбен дос болдық. 2006 жылға қарай ол жылжымайтын мүлікпен айналыса бастады және мені Алматыдағы студент қызыма пәтер сатып алуға несие алуға көндірді.

"Альянс банкте" мен жалпы сомасы $79 мың болатын жылдық 19%-бен екі кредит алдым. Бұл ақшаны Жанардың талабы бойынша мен Астанадан оның Алматыдағы банк шотына аудардым. Кейін ол бұл ақшаны өз бизнесіне салғаны белгілі болды. Содан кейін «ипотекалық мәселесін» сылтауратып бастап, тек екі жылдан кейін $83 мың сомасына нотариалдық куәландырылған қарыз қолхатын алу мүмкін болды, қазір ол қағаз менде», — дейді Батырбаева сұхбатында.

2009 жылы Жанар Ахмет жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сот бұл үкімді 2007 жылы туған баласы 14 жасқа толғанға дейін, 2021 жылға дейін кейінге қалдырды. Алайда, Жанара Бота қарызды қайтаруды бастаудың орнына, өзін заңсыздықтың құрбаны ретінде көрсете отырып, белсенді блог жүргізуге кіріседі.

2017 жылғы наурызда ол «саяси себептер бойынша қудалау» деп атап, Қазақстаннан мүлдем кетеді. Ол «қуғыннан» кішкентай ұлымен бірге Ермек Нарымбай сияқты заңсыз жолмен шекара асады.Айтпақшы, Ахметпен Киев әуежайында кездескен де сол. Ол оны Садықовтардың отбасылық жұбымен таныстырған. Тек олардың қарым-қатынасы ұзаққа созылмады: сол жылдың қазан айында полиция Ахметті ұстады, оны экстрадициялау туралы сот басталды. Садықовтар Жанармен таныс емеспіз деп, аулақ жүруді жөн көрді.

2017 жылғы 2 қарашада сот Киевтегі тергеу изоляторында Ахметті 60 тәулікке экстрадициялық қамауға алды. Содан кейін апелляциялық сот өтіп, 22 қарашада Ахмет Украинаның халық депутаты Светлана Залищуктың жеке кепілдігімен сот залынан босатылады.
Анықтама: Светлана Залищук 2006-2009 жылдары Президенттің Еуропалық және еуроатлантикалық интеграция мәселелері жөніндегі кеңесшісі штабы бастығының орынбасары болды. 2013-2014 жылдары — Еуромайданның белсенді қатысушысы; «Орталық UA» ҚБ атқарушы директоры бола отырып, Украина тарихындағы ең ірі және ең ықпалды Euromaidan FB-парақшасының үйлестірушісі болған.

Светлана Залищук алдымен Юлия Тимошенконың «Баткивщина» партиясынан Жоғарғы Радаға сайлауға түсуді жоспарлады, бірақ соңында «Петр Порошенко блогы» тізімі бойынша Парламентке «кіріп алды».

2016 жылдың шілдесінен — «Демократиялық альянс» партиясының мүшесі. 2015 жылғы қаңтар — 2017 жылғы қаңтар аралығында — Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі. 2018 жылдың 1 қарашасында ол Ресей үкіметі санкциялар салған украиналық жеке тұлғалардың тізіміне енгізілді.
Қазақстандық тараптың Жанара Ахмет түрмеде шіритін қылмыскер екенінің барлық дәлелі болды. Бірақ ойынға Адам құқықтары жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның басшысы Евгений Жовтис қосылды, ол қазақстандық биліктің Ахметті қудалауы туралы ресми мәлімдеме жасады. Бұл қадам экстрадициялау бойынша барлық рәсімді қиындатіп жібержі және «оппозиционердің» алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккендерді ашуландырды.
«Адвокаттың тұжырымдары қылмыскердің өзі ұсынған Facebook-материалдарына негізделе алмайды, бірақ ол оған қарсы қылмыстық істердің материалдарымен танысудан бас тартты. Сіз бюрода жоғары дәрежелі журналистер жұмыс істесе де, хабардар болмадыңыз деп мәлімдейсіз. Сіздің қызметкеріңіз Сергей Дуванов билік бізді қудаламайды деп, баспасөз конференциясын өткізуден бас тартты. Евгений Александрович, Сіз Украинаға қашқаннан кейін де алаяқтықпен айналысуды жалғастырғанына қарамастан, Ахметова саяси себептермен қудаланады деп сендіресіз бе?» — деді жәбірленушілер құқыққорғаушыға.

Бейресми ақпарат бойынша, Мұхтар Әблязов Киев тергеу изоляторынан Жанар Ахметті құтқаруға $200 мың жұмсаған. Алматыдан Киевке пробациялық бақылаудан қашқаннан кейін ол оның идеяларын әлеуметтік желілерде жүргізе бастады.

Зардап шеккендер Әблязов өз қоластындағы адамға емес, оларға ақшаны өндіріп бергенін және Ахмет өз сыңары Смаилова Динараның жеке куәлігі арқылы бірнеше миллион теңге кредит алғанын хабарлады. Олардың айтуынша, Смаилова сыңарының үстінен шағым түсіргенін және зардап шеккен топ ішінде екенін хабарлаған.

Ал Киевте Ахмет ресейлік екі оппозициялық журналисті алдап-соқты: ҚДТ-ға арнап түсірілген роликтердің қаламақысын төлеудің орнына, Ахмет жүргізушісін «мәселені шешіп келуге» жіберген. Әйелдер полицияға және УҚҚ-қа арыз жазып, өлтіремін деп қорқыту және алаяқтық дерегін айтып берген.

2020 жылдың жазына дейін Жанара Ахмет Мұхтар Әблязовтің жақтаушысымын деп белсенді түрде жұмыс істеген, алайда көп ұзамай Әблязов оның шала жұмысынан мезі болды. Нәтижесінде жұмыс берушісі мен жұмысшысының арасында еңбек қақтығысы болып, Ахмет ҚДТ-дан кеткенін жарияға жар салды. Енді алаяқ алаяқтың істерін әшкерелеуге көшті.

Ахмет Әблязов оны және өзге де белсенділерді қалай «лақтырып кеткенін» айтып бастады. Арты роман жазуға болатындай созылып, екі жақтың да әрекетіндегі қулық-сұмдықтар жарияланып тұрды.

Оппозиционердің қиялы

Оппозиционердің қиялы

Егер қазір Ахметтің Facebook-тегі парақшасына назар салсаңыз, «оппозиционер» ұйымдастырған арзан сериалдың онша танымал емес екенін көре аласыз. Лайк та аз, пікірге де кенде. Ахмет эмоционалды түрде жазса да, көбінесе не айтқысы келгенін түсіну қиын.
«ҚДТ-дағы ауыр әрі ыждаһатпен жасаған үш жылдық жұмысымнан не таптым: агентсің деген атақ. Команда алдындағы қарыз, оларды Әблязовтің тапсырысымен жалдаған едім. Былтырғы мамырдан бері қаржылай қиын кезеңдемін. Баспана қарызы, адвокат ақысы, мәнті жасағаннан күн көріп отырмыз, оны табыс деуге де келмес.

Қазақстан құқыққорғаушылары тарапынан толықтай блокада, БАҚ-тың қолдауы жоқ. Қазақстанда отбасымды ҰҚК қудалап жатыр, ұлым былтырдан бері қудаланып жатыр. ҚДТ да, нұрботтар да маған айтпаған сөзі жоқ. Киевте Әблязов құртпаған нәрсе жоқ, Штабтағы достарымның қолдауын да алып қойды. Жоғалтқаным көп…», — деп жазды Ахмет.

Ол өзінің бақытсыздығына басты кінәлілердің есімін де атайды — бұл Әблязов, Козловская, Жәрдемәлі, Храпуновтар. Ахмет бұрынғы бастықтың сатқындығы туралы айтады: Қазақстан ҰҚК-де де, Ресейдің ФҚҚ-да да жұмыс істейтін ол ҚДТ-ның «жүздеген» белсенділерінің наразылықтары мен деректерін «таратып жіберген». Ол Қазақстанда экстремистік ұйымдар деп танылғанын жақсы біле отырып, ҚДТ мен "Көше" партиясына қатысқаны үшін сотталған «саяси тұтқындардың» үкімін жою жөнінде петициялар жасап жүр.

Жанара Әблязовтің жақтастарына да тиіспей қоймады:
«Дөрекіге ақылмен жауап беру керек. Әблязовтің адепттері иесін бәрі құрметтеуі керек деп ойлайды. Себебі құлдың миы сондай – олар иерархиялық пирамидада өз орнын дереу анывқтайды… Ұятсыз әрі мисызлардың сектасы, оларды Әблязов пен Козловская "әшкере ететін" жазбаларымен тойдырады. Мұхтар Әблязов – біз білетін ең ірі саяси алаяқтық».

Евгений Жовтиске қолдауы үшін «алғыс» та айтып, «Қазақстан территориясындағы құқық қорғау қызметімен айналысатынның бәрі режим қысымына ұшырағандар» деп салды. Әсіресе ҚР-дағы құқыққорғаушылық монополистері — АҚмЗСЖҚХБ мен Евгений Жовтис».

Ахмет бұрынғы бастығына қатты ренжігені байқалады: оны экстрадициялау бойынша сот әлі де жалғасып жатыр, ал көмектесетін адамы жоқ. Оның үстіне, Әблязов бұрынғы қызметкері туралы жаманнан өзгені айтпайтын роликтерін күн сайын жариялап жатыр. Шахмашты-банкирдің өз ойын жеткізе алатын қабілеті болса, Ахмет қолынан келетінді ғана жасайды: бар болғаны эмоцияға ерік беріп, қашқын-банкирді әшкерелейді.

Ал 2021 жылдың 10 ақпанында Жанара Ахмет «Азамат» демократиялық қозғалысының құрылғанын мәлімдеп, оның «қазіргі замандағы тоталитарлық режимге қарсы саяси күрестің табысты тәжірибесі бар» екенін айтты.

Алайда оның бұл жазбасы грантқа өтініш беруге ұқсайды. Халықаралық демократиялық декларацияға қатты ұқсайды: азаматтық қоғамның дамуы, демократияның салтанат құруы, адам құқықтары мен бостандығын сақтау.
«Біз миссиямыз – мақсаттарымызды қолдайтын Қазақстан азаматтарын біріктіру. Біздің ұранымыз: "Менің өмірім, менің елім – менің жауапкершілігім"! Біздің базалық қағидатымыз: Қазақстанның болашақта табысты дамуы адам құқықтары мен бостандықтарын, базалық демократиялық қағидаттарды бұлжытпай сақтаған жағдайда ғана мүмкін болады», — деп жазады Ахмет.

Ахметтің мәлімдемелері қоғамда қызу талқылана кетеді деу қиын, бірақ саясатта адамшошырлық жағдайларды туғызуға шебер. Мысалы, өз қызметіне байланысты Динара Смаиловаға қысым түсіріліп жатыр дейді. Ал отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу заң жобасы Ахметке сыңары арқылы әсер ету үшін алдын ала жоспарланған деп санайды.
«ҰҚК менің қызметімді #НеМолчи Қорымен және сіңліммен байланыстырғысы келеді. Осы күндері оларға түсіп жатқан зор қысымды бәрі көріп отыр.

Менің саяси күресім сіңлімнің жасап жатқанына ешқандай да қатысы жоғын мәлімдеймін. Олардың жұмысын құрметтеймін және тәнті боламын, бірақ біздің ортақ мақсатымыз болған емес. Мен әдейі қашыққа кетіп, Қордың жұмысын жария түрде талқыламаймын, себебі билікке себеп беріп, оған соққы жасағым келмейді», — деп жазады Ахмет.

Оппозиционердің бұл қиялы шамадан асып кеткенін ешкім оған түсіндірмейді де: ондаған лайк қойылатын мәнсіз жазбалар үшін кім қысым түсірсін…