Ботагөз Жәрдемәлі

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

«БТА Банк» бұрынғы басқарушы директоры. Қазіргі уақытта – Мұхтар Әблязовтің мүддесін қорғаушы.

Заңгерден алаяққа дейін

Заңгерден алаяққа дейін

Бір қызығы, экс-банкир Мұхтар Әблязовтің адал серігі әрі бұрынғы көңілдесі Ботагөз Жәрдемәлінің Facebook-тегі аккаунты «жария тұлғаның шынайы профилі» ретінде белгіленген. Бұл адамның жариялылығы тек қылмысқа толы өткен жолын «оппозициялық» шындықпен жабу. Бәрі де бұрынғы бастығының жолына ұқсайды.

Қазақстандық БАҚ 2018 жылы Жәрдемәлі туралы не жазғанын қараңыздар:
«Ботагөз 42 жасында екі рет тұрмысқа шығып үлгерді, өзі беделді еуропалық ЖОО-да оқитын ұл тәрбиелеп отыр.Мұның алдында, 1999 жылы "Әділет" ҚЖМ "Құқықтану" мамандығы бойынша бітіріп, Гарвард университетіне (АҚШ) түсіп, оны 2003 жылы бітірді.

2005 жылы "БТА" АҚ жұмысқа орналасты, онда түрлі лауазымда жұмыс істеді, қысқа уақыт ішінде 2008 жылы Басқарушы директор – Басқарма мүшесі болып тағайындалды. Жас маманның бас айналдыратын мансабы».
«Ботагөз 42 жасында екі рет тұрмысқа шығып үлгерді, өзі беделді еуропалық ЖОО-да оқитын ұл тәрбиелеп отыр.Мұның алдында, 1999 жылы "Әділет" ҚЖМ "Құқықтану" мамандығы бойынша бітіріп, Гарвард университетіне (АҚШ) түсіп, оны 2003 жылы бітірді.

2005 жылы "БТА" АҚ жұмысқа орналасты, онда түрлі лауазымда жұмыс істеді, қысқа уақыт ішінде 2008 жылы Басқарушы директор – Басқарма мүшесі болып тағайындалды. Жас маманның бас айналдыратын мансабы».
Шынында да, жас заңгердің мансап жолы гиперболалық өлшеммен өсті, дегенмен оның білімі несие қызметіне еш қатысы жоқ. Бірақ БТА қызметкерлері қайратты әрі мақсатына берік Ботагөздің жетістігінің құпиясы неде екенін білді: Жәрдемәлі мен Әблязовтің қарым-қатынасы тез арада «жақсарып кетті». Жәрдемәлі банкирдің екінші әйелі болды деген қауесет тарады.

Қайтсе де, Әбілязовтің адал серігі тек жұмыс істеріне ғана емес, сонымен қатар алаяқтық схемаларды жасауға да кірісті.

Ботагөз Жәрдемілі Әблязовтің тапсырмасы бойынша шетелде инвестициялық жобалармен айналысатын офшорлық компанияларды тіркеді. 2005-2009 жылдар аралығында Әблязов бақылаудағы офшорлық компанияларға несиелерді заңсыз беру арқылы банктен миллиардтаған доллар алып шықты. Бірқатар заңсыз инвестициялық жобаға жетекшілік еткен Жәрдемәлі банктің несие комитетінің оң шешімдерін қабылдауға әсер етті.

2006 жылғы маусымнан 2008 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде банк пен Rudnick Consolidated Inc компаниясы арасындағы Бас кредиттік келісім аясында кредиттік комитеттің заңсыз қабылдаған шешімдері негізінде төрт несие шарты жасалды, олар бойынша қарыз алушыға жалпы сомасы $18 млн-ға жуық қаражат заңсыз аударылды.

2006 жылдың сәуірінен бастап 2009 жылдың қаңтарына дейін «АФД» ЖШС-мен 81 кредиттік шарт жасалды, ол бойынша қарыз алушыға жалпы сомасы 3 млрд теңгеге жуық және $87 млн ақша қаражаты заңсыз аударылды.

2006 жылғы қазаннан бастап 2008 жылғы мамырға дейін Senmore Limited компаниясының Бас кредит шарты аясында заңсыз жасалған 9 кредиттік шарт бойынша «БТА Банк» жалпы сомасы $98,6 млн кредит қаражатын берді.Банктің несие комитетінің 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі заңсыз қабылдаған шешімдері бойынша «Есентай Резиденшиал» ЖШС жалпы сомасы $199 млн несие қаражатын, оның ішінде $179 млн сомаға 2 аккредитив және $20 млн сомаға 6 кредит берді.

2012 жылдың тамыз айында ҚР Бас прокуратурасы Ботагөз Жәрдемәліге қатысты ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігі «а», «б» тармақтары бойынша «БТА Банк» АҚ қаражатын жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғады. Қыркүйек айында оған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған ірі мөлшерде ақша ұрлады және әдейі қайтарымсыз несие берді деген айып тағылды. Қазан айында Жәрдемәліге іздеу жарияланды.

2013 жылдың шілдесінде «БТА Банкінің» бұрынғы басқарушы директорына бөтеннің мүлкін иемденді және ысырап етті деген жаңа айып тағылып, қамауға алуға санкция берілді.

Қылмыс аңқитын құқыққорғаушы

Қылмыс аңқитын құқыққорғаушы

Бірақ Жәрдемәлі сол кездің өзінде шетелде жүргеніне біраз уақыт болған және оның бұрынғы бастығы сияқты рөл ойнаған — режимнің қудалауынан зардап шеккен адамды сомдап, тіпті саяси баспана да алған.

Сонымен қатар, Жәрдемәлі кенеттен «құқыққорғаушы» атанып, Әблязовқа Ұлыбританиядағы сот талқылауы кезінде оның істерін жүргізуге көмектесті, ал Францияда тұтқындалғаннан кейін оны түрмеден босатумен айналысты. Ол үшін Жәрдемәлі тіпті заң фирмасын тіркеген.

Дәл осы «құқыққорғаушы» қызметінің арқасында Ботагөз Жәрдемәлі Швейцарияда Виктор мен Лейла Храпуновтарды заңдастырып, құжат әперді. Жәрдемәлі Бельгияда орналасып алды, зәулім пәтерде «қарапайым» тұрмыс құрды және өзінің оппозициясына өзі де сеніп қалғандай әсер туды. Көп ұзамай ол туған ағасы Ескендір Ерімбетовтің «құқығын қорғауға» мәжбүр болды.

«Қарағанды Кәмпиттері» АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы және «Sky Service» ЖШС құрылтайшысы — Ескендір Ерімбетов 2017 жылдың 15 қарашасында қамауға алынған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен ҰҚК хабарына қарағанда, Ерімбетов ҚР Қылмыстық кодексінің 189 (Жымқыру) және 193 (Заңдастыру) баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында кәсіпкер «БТА Банкінен» ұрланған ақшаны жымқырған, сондай-ақ тікұшақ тасымалдаумен айналысатын «Sky Service» ЖШС арқылы 1 млрд тг жуық бюджет қаражатын жымқырған.Тергеу мәліметтері бойынша, Ерімбетовтің қарындасы Ботагөз Жәрдемәлі «БТА Банкінің» $500 млн-ға жуық сомаға көрінеу қайтарымсыз кредит беруіне жеке өзі қатысты болған.

Әрине, белгілі бір қазақстандық және шетелдік БАҚ, сондай-ақ барлық деңгейдегі құқыққорғаушылар «Қазақстанда кәсіпкерді ұстау азаптаулар мен саяси себептерге байланысты алаңдатады» деген тақырыпты қозғай бастады. Дегенмен, Ерімбетов жалпы сомасы 208 млн тг асатын жеті эпизод бойынша адамдар тобында алаяқтық жасады деп айыпталды. Ерімбетов пен оның сыбайластарына үкім 2018 жылғы 22 қазанда шығарылды.

Кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен бірге сотталған: «Sky Service» компаниясының бұрынғы президенті Михаил Зоров — үш жылға шартты мерзімге, Sky Service директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Дмитрий Пестов және осы компанияның директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Василина Соколенко — әрқайсы 4 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Бұл уақытта Жәрдемәлі не істеп жатты? Біріншіден, халықаралық қоғамдастықта резонанс туғызу үшін шетелдік заңгер Джаред Генсерді жалдайды. Осы уақытта қазақстандық қоғамды істі тергеуші жедел-тергеу тобына қарсы қойю үшін Жәрдемәлінің өзі және қалған туыстары Ерімбетовті тергеу изоляторында жүйелі түрде ұрып-соғу, тұтқындардың одан ақша талап етуі және жалған қылмыстық іс туралы әңгімелей бастайды. Әрине, бұл мәлімдемелеріне дәлел келтірмейді.

Екі жылдан кейін Ерімбетов денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады. Отбасымен бірге Қазақстаннан тез арада кетіп, әпкесімен қауышады.

2019 жылдың қазан айында Жәрдемәлінің үйінде Қазақстаннан келген заң өкілдерінің қатысқан тінту жүргізіледі. 2017 жылдың өзінде Бельгияның сот жүйесі Жәрдемәліге осы елде шамамен $100 млн жымқырды деген айыппен тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған.

2020 жылдың қазан айында Брюссельдегі Brussels Post News агенттігі мынадай хабар таратты:
«"БТА Банкінің" бұрынғы атқарушы директоры Ботагөз Жәрдемәлі Бельгияда пана беру шартымен жүре отырып, бельгиялық әділет министрін «Қазақстан Үкіметімен оған қарсы сөз байласты» деген тікелей айыптауға жол берді. Бельгиялық Әділет министрлігі оның мәлімдемесінен кейін қарсы шабуыл жасады. Ботагөз Жәрдемәлінің ісі көпшілікке осылай жетті және бұл жай ғана кездейсоқтық емес.

Le Soir хабарына қарағанда, Ботагөз Жәрдемәлінің зәулім пәтерінде жүргізілген тінту кезінде ол өзінің бұрынғы бастығы Мұхтар Әблязовтен ақша алғаны расталды. Сондай-ақ, ол Ұлыбританияда Мұхтар Әблязовтің мүлкі мен активтерін сот арқылы тәркілеуден қашу үшін офшорлық желі құрғаны, содан өз үлесін алған анықталды. Ол Ұлыбританияның Жоғары сотына қарсы астыртын сөз байласуға баратынын нақты білді».
«"БТА Банкінің" бұрынғы атқарушы директоры Ботагөз Жәрдемәлі Бельгияда пана беру шартымен жүре отырып, бельгиялық әділет министрін «Қазақстан Үкіметімен оған қарсы сөз байласты» деген тікелей айыптауға жол берді. Бельгиялық Әділет министрлігі оның мәлімдемесінен кейін қарсы шабуыл жасады. Ботагөз Жәрдемәлінің ісі көпшілікке осылай жетті және бұл жай ғана кездейсоқтық емес.

Le Soir хабарына қарағанда, Ботагөз Жәрдемәлінің зәулім пәтерінде жүргізілген тінту кезінде ол өзінің бұрынғы бастығы Мұхтар Әблязовтен ақша алғаны расталды. Сондай-ақ, ол Ұлыбританияда Мұхтар Әблязовтің мүлкі мен активтерін сот арқылы тәркілеуден қашу үшін офшорлық желі құрғаны, содан өз үлесін алған анықталды. Ол Ұлыбританияның Жоғары сотына қарсы астыртын сөз байласуға баратынын нақты білді».
БАҚ мәліметінше, Ботагөз Жәрдемәлі саяси панасынан айырылуы мүмкін. Бұған заңды негіз бар.
«Мұхтар Әблязов француз түрмесінен бірақ шығуы әбден мүмкін. Бірақ әзірше бұл екіталай. Олардың тыныш әрі жайлы өмірі күн өткен сайын күрделене түсуі мүмкін», — деп жазды басылым.
«Мұхтар Әблязов француз түрмесінен бірақ шығуы әбден мүмкін. Бірақ әзірше бұл екіталай. Олардың тыныш әрі жайлы өмірі күн өткен сайын күрделене түсуі мүмкін», — деп жазды басылым.
Ал әзірше Ботагөз Жәрдемәлі еуропалық деңгейдегі құқыққорғаушы имиджін жасап әлек, Людмила Козловскаямен достасып алған, бірақ Facebook желісіндегі парақшасында тұрған суретін ауыстырар емес, онда «Ерімбетовке бостандық» деген жазуы бар үнқағаз бейнеленген.
Серікжан Мәмбеталин