Қанат Ибрагимов
Қанат Ибрагимов

Қанат Ибрагимов

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

Қанат Ибрагимов 1964 жылы Алматыда дүниеге келген.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан. «Көксерек» өнер тобының бұрынғы лидері және осы аттас галереяның экс-директоры. «Көтеріліске шақыратын» акция ұйымдастырған. Қазіргі уақытта — АҚШ азаматы.
«Сол шығыс әдет-ғұрыптары мен ырымдарын шеберлікпен тірілтіп жатқан қазақтың бүгінде ең атақты (даулы) заманауи суретшісі өз квазиэтнографиялық акцияларында жауыр, физиологиялық және еуропалық көзқараспен қарағанда жиіркенішті. Қоразды ел алдында өлтіру, қойды өлтіру, шыққан қанын ішу, онымен жуыну, ал ең абыройлысы – көрерменді дионистік экстазға бөлейтін құраммен палау жасау. Варарлық іс – жауыр» — Федор Ромер, арт-сыншы.

90-жылдары Қанат Ибрагимов Тиімді саясат қорында жұмыс істеді. Саяси науқандарды өткізумен және ақпараттық жобаларды құрумен айналысатын бұл ұйымды 1995 жылы Глеб Павловский, Максим Мейер, Марат Гельман және басқалар құрды. Қор қызметінің негізгі бағыттары: саяси және басқарушылық консалтинг, сайлау және PR науқандарын өткізу, маркетингтік зерттеулер, БАҚ саласындағы жаңа жобаларды ақпараттық-талдамалық қолдау, БАҚ-тың мақсатты аналитикалық мониторингі, телерадиобағдарламалар үшін сюжеттер жасау және т. б.
Анықтама: 1995 жылы маусымда Қор Мемлекеттік Думаға сайлауда Юрий Скоковтың «Орыс қауымдастықтарының конгресі» партиясын қолдауға үгіт-насихат жүргізу туралы бұйрығын орындаудан бастады. 1996 жылы ТСҚ Борис Ельциннің президенттік науқанына қатысты. 1996 жылдың екінші жартысынан бастап Қор Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің тұрақты кеңесшісі болды, ақпараттық стратегияны әзірлеуге және Президент Әкімшілігі мен үкіметтің ақпараттық жоспарлауына қатысты.

ТСҚ орталық және өңірлік электрондық және баспа БАҚ-тарының жеке мониторингін жүргізеді. 1996 жылдан бастап бұқаралық ақпарат құралдары мен идеологиялық стереотиптердің бұқаралық пікір мен мінез-құлыққа әсерін зерттеу бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 1999 жылдан бастап бұл бағдарлама «Қоғамдық пікір» қорымен бірге іске асырыла бастады (Дж. Сорос қаржыландырады).
Кейінірек Ибрагимов сұхбатында ресейлік қорда политтехнолог болып бастаған жұмысы туралы әңгімелеген:
«Ол кезе мұның осылай аталатынын білмедік. Барлық суретші Мараттың қоластында штабта жұмыс істеді. Өз басым Немцовқа ақпараттық қолдау көрсеттім – кезінде ол президент болады деп ойладық. Бірақ ол үкімет басқаруға келісті, бұл туралы бірінші болып Маратқа хабарладым. Марат: "А, өкінішті…" деді. (Айтпақшы, бұл барлық саясаткерге айтары: бірінші орыннан үміттенсеңіздер, компромиске жол жоқ). Конспиративтік пәтеріміз болды, ешкімді кіргізбедік. Жастар елдегі жағдайды бақылап, кесте жасап, проблемалармен танысып, спичрайтер болды.

ТСҚ-ның бар жетістігі негізі болған схемада еді: мәдениет – саясат – экономика. Саяси технологтардың көбі мәдение шараларда төселіп, сәтті шешімдер саясатқа енгізілді. 2004 жылға дейін өңірлерге баратынмын. Дағдарыс-менеджер ретінде жұмыс істедік. Біреу-міреудің сайлауалды кампаниясы тығырыққа тірелгенде ақылға қонымсыз шаралар қажет болды. Бізді шақырып, брейн-штроминг жасап, кететінбіз».

Қанат Ибрагимов ТСҚ-дағы жұмысын өнердегі ізденістермен қатар алып жүрді. Ол «нағыз өнер баррикадаларда болуы керек» дегенге сенетін.

1997 жылы Ибрагимов «Арт-Москва» жәрмеңкесінде (ұйымдастырушысы — Марат Гельман) қой бауыздады, сол кезде «Птица Кораз» перформанс-көрмесінің аясында ол екі қоразды өлтірді (біреуін шегелеп тастаса, біреуінің басын электрпышақпен кесіп алды). Қанат жеті жылдан кейін «Рыба в баксах» акциясын жасады: тірі форельдің арқасын тістеп, балықты доллар ақша үстінде қайнатты.

2010 жылы Ибрагимов Алматыдағы Республика алаңында перформанс жасады. «Балық басынан шіриді» деген сөзбен балықтың басын кесіп алды, осыдан кейін оны полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзды деп, ұстап әкетті.
«Алғашқы адам сияқты барлық ісім түсінікті, бір ғана тарихи-уақыт ерекшелігі бар. Жағдайды анықтау (ырымын жасамай). Жүйке бұзылуы, оргия, айғай, қатыгездік, қорқыныш, жиіркеніш, жеккөрушілік, ұят, жеңіліс, кич. Яғни, әскери өмірді қамтитын барлық нәрсе – бұл әскери рәсімдер. Мен үшін суретші – бәрі бірдей жауынгер, басқыншы, батыр, жеңімпаз, тонаушы, садист, агрессор, қорғаушы, зорлаушы, ғашық және т. б.», — деп түсіндірген Ибрагимов өзінің қойылымдарын.

Ибрагимовтың жағаұстатарлық акцияларын суретші әріптестері де жағдай бемейтін. Қойды бауыздаған оқиғасы туралы ол 1997 жылы мәскеулік арт-жәрмеңке әуелден интернационалдық оқиға де песке алған, онда барлық мәдениет тең өмір сүруі керек деген. Онда «гомосексуалистер де, түрлі жындылар да» көрсетілген.

Ибрагимовтың айтуынша, сонда болғанның бәрі, «Марат Гельман, Олег Кулик және Владик Мамышев-Монродан басқасының бәрі біздің экспозицияны залдан шығарып тастау керек» деген.
«Қақтығыс басталды. Егер бұл интернационал көрме болса, оған сіздер кө*-пен келсеңіздер… мен онда қойыммен бірге келемін.

Өз басы мол акциялардан басқа бэкграуынд көремін. Өлке суретшісі ірі мегаполиске келсе, ол бәрінің айдағанымен жүруі керек. Ол батыс жетекшісіне бағынуы керек, оны таңдау керек. Шын мәнінде заманауи суретші – өте тәуелді, бейшара, ереже бойынша жұмыс істеуге мәжбүр. Мен сол жақта өлкелік болғаным үшін, бәріне ұнауым керек болды. Марат райымнан қайтарғысы келген, істемеуімді өтінді. Бірақ мен бастап қойдым. Оның үстіне басқа суретшілердің ниеттестік күткенде сноб сияқты сөйлей бастайтын жағдайы қатты ұнамады. Бұл мегаполисті репрессиялауға ниетім оянды. Сосын мен «жауынгер суретші» стратегиясын қолдандым, өз көзқарасымды батыл айтуға көштім», — депті бір сұхбатында Ибрагимов.

2010 жылы Қанат Ибрагимов есейген шағында (45 жаста) «ұлт лидерінің құрметіне» сүндеттелуді ұйғарады.
«Әлгінде ғана сүндеттеу процедурасын өткіздім. Өздеріңіз білетіндей, көптеген дәстүр мен дінде құдай "Шеткі теріні кесіңдер, сонда менің және сендердің арамызда өсиет болады" деген. Сүндеттеуге байланысты бүгінгі өнер акциясы «ұлт лидеріне» арналады. Барлық қазақстандыққа осылай жасауды ұсынамын!», — деді суретші.

Бір кездері Ибрагимов қарындаш боп туғанын, әрқашан бірінші болу әдеті барын айтқан. Ол суретші әріптестеріне қарсы, көрме жетекшілеріне қарсы, шенеуніктерге қарсы сөйлеген. Ибрагимовтың айтуынша, қолдай кету оңай. Алайда ол наразылығының нәтижесі маңызды емес дейді, бастысы — наразылықтың өзі.
«Шенеунікпен даулассаң, ол "Сынай бересің, бірдеңе ұсынсаңшы" дейді. Ал ұсыну менің жұмысым емес», — дейді Ибрагимов.

Ибрагимов қоғам өміріндегі өз рөлін анықтап алған:
«Қазір ағзада радикал жасушалар бар дейтін жаңа медицина пайда болды. Ағзаға бір ауру түскенде немесе жарақат пайда болғанда, оған радикал жасушалар ұмтылады. Олар ауру жасушаларды жойып, ағза сауығады. Бұл менің жұмысым. Осының өзінде қолымнан іс келіп жатса, бұл одан да жақсы. Мен тірі кезімде-ақ 10 жыл бұрын классик болғанмын».

Бірақ Қанат Ибрагимовтың барлық акциясының «наразылық үшін наразылықтан» басқа да себебі болуы мүмкін. 2009 жылы Алматыда өнер кеңесі құрылып, талқылау клубының отырыстары өтіп, тіпті «Арт-парақ» атаулы баспа органын құрды. Сол кезде Ибрагимов журналистерге берген сұхбатында көркемдік кеңес отырысы жиі өтіп тұруы керегін, «Арт-парақ» та солай шығып тұруы керегін айтқан.
«Мұның бәрі трэвел-грант үшін жасалатын әуре-сарсаң. Сорос ақша беруін тоқтатты, енді басқа жақтан іздеу керек. Мұндай contemporary art халыққа керегі жоқ. Мемлекетке тіпті де. Ақшаны қайдан іздеу керек? Батыстан. Шетелдік гранттар үшін суретшілер бәрін істейді», — деді ол.

90-жылдардағы шок-акциядан кейін Ибрагимов 10 жылға жоғалып кетті. 2010 жылы ол піштіруден кезекті акция жасап, сүреңмен оралды. Ақпарат алаңында пайда болғанын былай деп түсіндірді:
«Шынымды айтайын – бұдан былай жұмыс істегім келмейді. Ешқашан жұмыс істемеу – бала арманым. Жұмыс істеу дегенің малай болу, тойдым ондай жұмысыңа – заманауи өнерімізге оңбағандар мен жетесіздер батыс қорларына сатылып, қол сұғып жатқанда, мен БАҚ-та, саяси PR-да істедім, ресейлік сайлауға қатыстым, қазақстандық саясаткерлерге кеңес бердім. Жетістігім болды, бірақ тығырыққа тірелдім, 105 келі салмақ, қанымда қант құрамы көтеріліп, инфаркталды жағдайға жеттім, өнерге оралғым келді, қазір жағдайым қалыпты... Мен еріншек емеспін, еңбек еткенді жақсы көремін, бірақ аштан өлсем де, жұмысқа жалданбаймын».

Қалай болғанда да Ибрагимовтың сурет өнері саясиланып бара жатты. 2011 жылы Жаңаөзендегі оқиғалардан кейін Ибрагимов кез келген заңсыз митингінің қатысушысы болды. Әкімшілік жазаға тартылып, талай мәрте 15 тәулік отырып шыққан.
Қанат Ибрагимов пен Болат Әбілов «келіспейтіндер митингінде», 2012 жыл, 28 қаңтар, Алматы
2013 жылы Ибрагимов Қазақстаннан кетіп, АҚШ-та тұрақтады. Ол Мұхтар Әблязовтің жақтаушысы да болып үлгерді, Айдос Садықовпен жаңа партия құрып та үлгерді, «Жаңа Қазақстан» форумын қолдаушылар қатарынан да табылды.

Уақыт өте келе әлеуметтік желілерде қазақстандық оппозицияны жанұшыра қолдауын тоқтатты. 2019 жылы сұхбатында бұған былай түсінік берген:
«Бес-алты жылдан кейін америкалыққа айналатынымды білдім. Осының бәрін көре отырып, отаныңда болып жатқанның бәрі басқаша, шеттен көзқарас пайда болады. Кей дүниені түсіне бастайсың, Қазақстанның проблематикасын қабылдай бастайсың. Жаңа америкалық өмірге толықтай сіңіп кетесің. Менің де жағдайым осындай болды – эмигранттардың американизациясы маған да жұқты. Қазақтардың проблемасынан бөлініп бара жатқанымды ұқтым.

Бірақ мен суретшімін, мені бір жаулап алатындай шексіз терезе. Мұнда енді мен шығармашылыққа толық беріле аламын. Әрқашан жақсы суреткер болдым деп ойлаймын, солай болып қаламын деп үміттенемін. Суреткерлік маған күш береді, асырайды, шабыттандырып, өмір сүруге үндейді. Сондықтан «мен суретшімін» деп айта аламын. Суреткерлік пен шығармашылығым бойымда бәрін жеңді».

Өзі үшін не маңызды екенін таңдаған Ибрагимов мынадай қорытындыға келді — денсаулық пен банктегі шоты.