Әкежан Қажыгелдин

Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

Қажыгелдин Әкежан Мағжанұлы 1952 жылы 27 наурызда ҚазКСР Семей облысы Георгиевка ауылында дүниеге келген.

Жұбайы — Қажыгелдина (Быкова) Наталья Николаевна. Балалары: қызы Диана, ұлы Мағжан.

Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. Екі жыл Кеңес Армиясында, Семей облысы бойынша МҚК басқармасында қызмет етті (1974-1978).

1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

1987-1989 жылдары КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ф. Е. Дзержинский атындағы Жоғары мектебінің басшылық құрамын дайындау курстарының тыңдаушысы болды.

Еңбек жолын бетоншы қызметінен бастаған. Орта мектептің мұғалімі және меңгерушісі болды.

  • 1979-1984 — Семей қаласының Калинин аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі;
  • 1985-1987 — Семей қаласының Киров аудандық атқару комитетінің төрағасы.
  • 1987-1989 — Мәскеу қаласындағы «Созидатель» кооперативінің өкілі.
  • 1989-1992 — құрылыс-декоративтік қаптау тасын өнеркәсіптік өңдеу жөніндегі Семей комбинатының директоры.
  • 1990 — «Томан» АҚ Бас директоры.
  • 1990-1992 — «Семей» ҚӨТ бас директоры.
  • 1991-1993 — Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық әкімшілік басшысы.
  • 1993 желтоқсаннан 1994 қазанға дейін — ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары.
  • 1994 қазанынан 1997 қазанына дейін — ҚР премьер-министрі
  • 1998 наурыз-қазан аралығында — ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі.

Сондай-ақ, ҚР президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы және Қазақстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті лауазымдарын атқарған.

1998 жылы ҚР президенттігіне кандидат болды.

Қазақстанның Республикалық Халық партиясының төрағасы, кейін Біріккен демократиялық партияның саяси кеңесінің мүшесі болды.

Бизнесі жоқ бизнесмен

Бизнесі жоқ бизнесмен

1993 жылғы желтоқсанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарушы кадрларды жаңарту үшін Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағы президентінің бірінші орынбасары Әкежан Қажыгелдинді Үкіметке әкелді. Ол енді қалыптасып жатқан бизнес тілін біледі деп есептелді, өзі бар кәсіпкерлік тәжірибесі бар және өте қиын жағдайда тұрған Қазақстан экономикасын қайта құру қолынан келеді делінді.

Ол кездері Қажыгелдиннің бизнесмен деген жай ғана атағы болмаса, мықты кәсіпкер болды деуге келмеді — өзі басқарған кәсіпорындарда ол тек өкіл ретінде қызмет ететін. Кәсіпкер болып жүріп, акциялар иесі ретінде дивиденттерден ол бар-жоғы $45 мың тапқан. Бұл ақша оған 1995 жылы төленді.

Кейініректе «Созидатель» кооперативінің басшысы Александр Лукин былай деп еске алды:
«...Қажыгелдин Мәскеуде "Созидатель" мүддесін білдіріп жүрген қысқа уақытта ол бірде-бір көзге көрінетін іс тындырған жоқ, сәйкесінше кооперативтен, коммерциялық қызметі үшін бірде-бір рет ақша алған жоқ».
«...Қажыгелдин Мәскеуде "Созидатель" мүддесін білдіріп жүрген қысқа уақытта ол бірде-бір көзге көрінетін іс тындырған жоқ, сәйкесінше кооперативтен, коммерциялық қызметі үшін бірде-бір рет ақша алған жоқ».
Бір қызығы, Қажыгелдин Мәскеуден туған қаласы Семейге оралған соң «Семей» қаржы-өнеркәсіптік тобының акционері атанды, оның серіктесі кейінірек Павлодар облысын басқарған Ғалымжан Жақиянов болды.

Ол кезеңді ол былай еске алады:
«Қажыгелдин миллион долларды қашан және қалай тапқанын тіпті елестетудің өзі қиын... біз ол кездері өте қарапайым өмір сүрдік. Оның ішінде Қажыгелдин де. Бәрімізге ақша әрдайым жетпейтін, тіпті кейде жалақыға дейін қарыз сұрайтын кездері болған... сондай-ақ Қажыгелдин мырзаның барлық "бизнес-хикаялары" бір жылға жетпей жабылатын. Сондықтан кейінгі жылдары оны шексіз байлыққа кенелткен метаморфозаларды түсіндіру қиын...».
«Қажыгелдин миллион долларды қашан және қалай тапқанын тіпті елестетудің өзі қиын... біз ол кездері өте қарапайым өмір сүрдік. Оның ішінде Қажыгелдин де. Бәрімізге ақша әрдайым жетпейтін, тіпті кейде жалақыға дейін қарыз сұрайтын кездері болған... сондай-ақ Қажыгелдин мырзаның барлық "бизнес-хикаялары" бір жылға жетпей жабылатын. Сондықтан кейінгі жылдары оны шексіз байлыққа кенелткен метаморфозаларды түсіндіру қиын...».

Қазақстандық сыбайлас жемқорлықтың негізін қалаушы

Қазақстандық сыбайлас жемқорлықтың негізін қалаушы

Қажыгелдин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болған кезде теңге айналымға енді. Үкімет алдында экономиканы аяққа тұрғызу міндеті тұрды, ал ол үшін — ірі кәсіпорындарды инвесторларға жеке меншікке сату керек болды. Бұл халықты жұмыспен қамтуға, валюталық түсімдерді алуға және т. б. мүмкіндік береді.
1994 жылдың басында Қажыгелдин тау-кен өндіру саласындағы негізгі кәсіпорындардың ірі сатылымына кірісті. Барлық жекешелендіру процестері қоғамнан құпия түрде жүргізілді, ал осы уақытта Қажыгелдин ірі кәсіпорындарды ағайынды Михаил мен Лев Черныйларға өте арзанға өткізіп жатты.

Ағайынды Черныйлардың Trans World Group (TWG) компаниясы түрлі елдерде тіркелген жалған кәсіпорындарды құрды. Осы кәсіпорындар арқылы Соколов-Сарыбай КБК, Павлодар алюминий зауыты және «Қазхром» корпорациясын (Дон КБК, Ермаковский [Ақсу] және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары) алдымен басқармаға алып, кейін жеңілдікпен жекешелендіреді. Қазақстанға әр түрлі елдерден инвесторлар келіп жатқандай көрініс туды, ал іс жүзінде мұның бәрі бір бизнестің мүддесі үшін жасалып жатты.

TWG басқарылатын кәсіпорындар олардың банктік, трейдерлік және жабдықтау құрылымдарына қаржылық тәуелділігін арттыру бойынша арнайы шаралар жүйесін құрды. Компанияның меншікті айналым қаражаты тәркіленіп, ал кейін несие ретінде қайтарылып отырды. Берілген несиелерді және олар бойынша пайыздарды өтеу нәтижесінде компаниялар іс жүзінде банкрот шегіне жетті (өндіріс өсіп жатса да), осылайша 1997 жылы қарашаның ортасына қарай шикізатсыз, материалдарсыз, дайын өнім қалдықтарынсыз және ақшасыз қалды.

1994 жылдың қазанында Әкежан Қажыгелдин Қазақстан үкіметін басқарды. Ол кәсіпорындардың шынайы бағасы ондаған есе төмендетілген бағада құжаттарды рәсімдеумен айналысты. Инвестордың нақты және айқын міндеттемелері көрсетілмеген келісімшарттар жасалды. Барлық тендерлер асығыс түрде өтіп жатты, ал жеңіс әрдайым Михаил Черныймен байланысты фирмаларға тиесілі болды.

Бірнеше айдың ішінде Михаил Черный Қазақстанда түсті металдарды өндіру және балқыту бойынша ірі индустриялық кешеннің иесі атанды. Әкежан Қажыгелдин бірден қомақты сыйақы алып, Бельгияда $6 млн астам сомаға жылжымайтын мүлік сатып алды

1996 жылы Қажыгелдин ағайынды Черныйларға 5 млрд тг сомаға салық төлемдері бойынша заңсыз жеңілдіктер берді. Жалпы Черныйлардың табысты инвестор имидждерін сақтауға көмектесіп келді. Қажыгелдин президент Нұрсұлтан Назарбаевқа айбынды есеп беріп отырғандықтан, іс насырған шапқанын Назарбаев TWG бизнесі құлағаннан кейін ғана білді.

Үйге ол оралмайды...

Үйге ол оралмайды...

Бірақ ағайынды Черныйларға «көмек қолын созуды» Қажыгелдин тоқтатпады — жекешелендіру науқаны қызу жүріп жатты. 1996 жылы маусымда ол республикадағы ең ірі жылу электр станциясы — Екібастұз ГРЭС-1-ді жекешелендіруді жүргізді. Бағалау құны 23,7 млрд тг болғанымен электр станциясы америкалық AES компаниясына 100 млн тг голландиялық әдіспен жабық тендер барысында сатылды.

1997 жылдан бастап Қазақстандағы AES компаниялар тобына «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС, «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС, «AES Өскемен ЖЭО» АҚ, «АЭС Согра ЖЭО» ЖШС, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «Шығыс Қазақстан үлестіру энергетикалық компаниясы» АҚ, «Өскемен жылу жүйелері» АҚ, «Нұрэнергосервис» трейдер-компаниясы кірді. Жекешелендіру сол баяғы схема бойынша жүргізілді.

Алайда елдің басты жемқорының арсыз тірліктері назарсыз қалмауы мүмкін емес еді. 1997 жылдың шілдесінде ҰҚК төрағасы Әлнұр Мұсаев Қазақстан парламентінде өзінің тарихи баяндамасын жасады. Онда ол TWG компаниясы активтерді заңсыз сатып алғаны туралы, сондай-ақ Қажыгелдиннің зайыбына тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты Бельгия полициясының тергеу деректерін жария етті.

1997 жылы тамызда Алматыда «Витол Мұнай» АҚ президенті, британдық бизнесмен Гевин Ричард де Салисті салық полициясы тұтқындады. Қажыгелдин президентті бизнесменді босатуға көндірді. Бірақ баспасөзде премьердің бірқатар әрекеттері туралы хабарламалар пайда бола бастады, оның ішінде оның «Витол Мұнай» АҚ-мен байланысы және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты — «Шымкентнефтеоргсинтез» АҚ-ны $60 млн-ға жекешелендіргені туралы айтылды.

1997 жылдың қыркүйек айының соңында Қажыгелдин еңбек демалысын алып, Швейцарияға аттанады және сол жақтан премьер-министр қызметінен кету туралы өтініш жібереді. Осылайша өзінің криминалдық істерін «саяси» себеппен жаппақ болған тұңғыш қылмыскер.

Ағайынды Черныйлардың қолдауымен Әкежан Қажыгелдин Қазақстан республикалық халық партиясын (РХП) құрды, оның төрағасының орынбасары және атқару комитетінің төрағасы Ғазиз Алдамжаров болды.

1999 жылы
мерзімінен бұрын президенттікке сайлауға қатысуға талпыныс жасады, бірақ Әкежан Қажыгелдиннің кандидатурасы тіркелмеді... Бұрынғы премьер-министрге халықаралық іздеу жарияланды.

Италиядағы бірнеше сот істері мен тұтқындаудан кейін Қажыгелдин оппозицияны «өсіре» бастады. 2001 жылдың желтоқсанында ол РХП атқару комитетінің жаңа төрағасы Әміржан Қосановпен, «Азамат» партиясының тең төрағасы Петр Своикпен және Қазақстан Халық Конгресі атқарушы комитетінің (ҚХК) мүшесі Гүлжан Ерғалиевамен бірге Біріккен демократиялық партия (БДП) құру туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Ал осы уақытта Қазақстанда экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің сырттай соты басталды. Тергеу материалдары 35 томнан тұрды, куәгер ретінде 75 адам әртүрлі дәрежедегі бұрынғы және қазіргі мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ шетелдік азаматтар болды.

Қажыгелдинге сыбайлас жемқорлық қылмыстары: бопсалау, қызмет бабын теріс пайдалану, жымқыру бойынша айып тағылды. Сондай-ақ, айыптаулардың ішінде салық төлеуден жалтару және атыс қаруын заңсыз сақтау болды.

Сот тыңдаулары барысында 1995 жылдың басында Қажыгелдин үкімет отырысын өткізбей, жеке өзі «Дәулет» кәсіби-спорт клубын жеткізілетін тауарлар бойынша импорттық, кедендік баждар мен акциздерді төлеуден босату туралы» №108 қаулы шығарып, оған қол қойғаны белгілі болды.

Құжат сол кездегі қолданыстағы заңнамаға қайшы келді. Нәтижесінде «Дәулет» басшылығы жеңілдік шарттарымен $1 млн несие алып, импорттық темекі, сыра мен арақтың ірі партиясын, бірнеше шетелдік көлік сатып алып, коммерциямен айналысқан. Сот пайданың қанша пайызы спортты дамытуға бағытталғанын анықтай алмады. Айыптау мәліметтері бойынша, республикалық бюджетке 118 млн тг шығын келтірілген.

Айыптаушы тарап Қажыгелдинді мүлкін тәркілей отырып, жалпы режимдегі колонияда он екі жылға бас бостандығынан айыруды талап етті және соттан 6,6 млрд тг сомасына азаматтық талап қоюды сұрады.

Сот Әкежан Қажыгелдинді ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-бөлігінің «а», «в», «г» тармақтарында; 308-бабының 1-бөлігі; 251-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды және мүлкін: Алматыдағы пәтерін, Род-Сент-Женез жеріндегі қамалды және Ле Мануардағы (Бельгия Корольдігі) жер учаскесін, сондай-ақ «Мерседес-Бенц» 600S және «Тойота-Лэндкрузер» автомобильдерін тәркілей отырып, жалпы режимдегі колонияда 10 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды».

Зейнеттегі оппозиционер

Зейнеттегі оппозиционер

Әкежан Қажыгелдин көп уақыт бойы көзге көрінбей кетті, бірақ 2018 жылдың сәуірінде Бельгия астанасында «Жаңа Қазақстан» деген форум өтіп, оған «азаматтық белсенділер» жиналды. Қонақтарды бұрынғы премьер Қажыгелдин күтті. Форумға қаржылай қолдауды Бергей Рысқалиев көрсетті деген сөз болды, бірақ ұйымдастырушылар бұл қауесетті ресми түрде растай қоймады.
Ә. Қажыгелдин мен М. Әблязов «К-плюс» телеарнасына сұхбат беріп жатыр. Лондон, 13.03.2010
Форумға қатысқандар ішінде мыналар болды: «Загранбюро казахстанской оппозиции» жетекшісі Серік Медетбеков, азаматтық белсенділер Нұрұл Рахымбек және Серікжан Мәмбеталин, саясаттанушы Әміржан Қосанов, саясаттанушылар Айдос Сарым мен Расул Жұмалы, қоғам қайраткерлері Дос Көшім мен Бәшір Жаңалтай, «Либерти» ҚҚ басшысы Ғалым Ақелеуов, журналистер Ермұрат Бәпи мен Мирас Нұрмұханбетов, «Болашақ» жастар қозғалысының лидері Дәурен Бабамұрат.

Форумның күн тәртібіне үш мәселе енді:
1. Елдегі қоғамдық-саяси жағдай: азаматтық қоғамның міндеттері мен мақсаттары.
2. Транзиттік кезең: жаңа Конституцияның жобасы және болашақ билік қандай болады?
3. «Жаңа Қазақстан» форумы: ол қандай формада жалғасады?

Форум аясында Еуропарламент депутаттарымен кездесулер де өтті, онда елдегі саяси ахуал, атап айтқанда, азаматтық құқықтар, саяси тұтқындар, сөз бостандығы, сайлау заңнамасы, Қазақстанның сыртқы саясаты туралы да сөз болды.

Бір айдан кейін «Жаңа Қазақстан» форумының қатысушылары заңды тіркеудің басталғанын мәлімдеді. Ұйым құрамына саясаткерлер, сарапшылар мен журналистер кіретіні, ал оның мақсаттары халықты саяси ағарту, мемлекеттік саясатты талдау және кең ауқымды мәселелер бойынша қоғамдық пікірталас құру болатыны хабарланды.

Сол кезде Әміржан Қосанов Форум Қазақстанның коммуналдық, экологиялық немесе саяси мәселелер бойынша бейбіт наразылық білдіруге болатын өркениетті елдердің қатарына қосылуын қалайтынын мәлімдеді:
«Біз қоғам мен билік арасындағы өркениетті диалогты қолдаймыз. Біз өз айналамызда прогрессив күштерді – жақындап келе жатқан билік транзитінде тасада болғысы келмейтін, бей-жай қалмайтын азаматтарды шоғырландыруға дайынбыз».
«Біз қоғам мен билік арасындағы өркениетті диалогты қолдаймыз. Біз өз айналамызда прогрессив күштерді – жақындап келе жатқан билік транзитінде тасада болғысы келмейтін, бей-жай қалмайтын азаматтарды шоғырландыруға дайынбыз».
Бір жылдан кейін, 2019 жылдың 20 маусымында, тіркелмеген «Жаңа Қазақстан» форумы» ұйымы да өз қызметін тоқтататынын жариялады. Топтың мәлімдемесінде олар партия ретінде тіркелуді жоспарламайтыны, бірақ жеке бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті екені айтылды.

Ұйым өз қызметінің тоқтатылуын олар өз атына Қазақстан президенті әкімшілігінен келіспеушілік бойынша «жалған айыптаулар келіп түсіп жатыр» деп түсіндірді, бірақ олар үшін «бұл айыптауларды жоққа шығару қиын болып көрініп», сондықтан олар «форум жұмысын тоқтатуды шешкен».

Қозғалыс қатысушысы Мирас Нұрмұханбетов өзін президенттікке оппозициялық кандидат ретінде көрсеткен қатысушы Әміржан Қосановтың жағдайына байланысты партия түрінде тіркелу әрекеті мүмкін емесін түсіндірді, Қосанов мерзімінен бұрын сайлаудың ресми қорытындылары жарияланғанға дейін жеңілгенін мойындап, билік партиясынан кандидатты жеңісімен құттықтаған еді.
«Біздің бастапқы тілегіміз – парламенттік сайлауда сөз сөйлеу мүмкіндігі – Қосанов пен оның жанында болатындардың бәрі партия ашпақшы деген пікірге келгенде сүрініп отыр. Бұл бастапқыда форумның көп бөлігі білмеген келісім болғанын көрсетеді. Сондықтан жақын арада «Жаңа Қазақстан» брендімен немесе «Жаңа Қазақстан» қатысушыларынан партияны тіркеу Қосанов пен оның жақтастары Ақордамен жасалған шарттың орындылғанының дәлелі ретінде қарастырылады деп есептейміз», — деп атап өтті Нұрмұханбетов.
«Біздің бастапқы тілегіміз – парламенттік сайлауда сөз сөйлеу мүмкіндігі – Қосанов пен оның жанында болатындардың бәрі партия ашпақшы деген пікірге келгенде сүрініп отыр. Бұл бастапқыда форумның көп бөлігі білмеген келісім болғанын көрсетеді. Сондықтан жақын арада «Жаңа Қазақстан» брендімен немесе «Жаңа Қазақстан» қатысушыларынан партияны тіркеу Қосанов пен оның жақтастары Ақордамен жасалған шарттың орындылғанының дәлелі ретінде қарастырылады деп есептейміз», — деп атап өтті Нұрмұханбетов.
Топтың мәлімдемесінде оның өкілдерінің бір бөлігі «Ақиқат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) қатарына енуі мүмкін екені, ал екіншісі саясатқа белсенді қатысуын тоқтатуы мүмкін екені хабарланды. Сондай-ақ, мәлімдемеде «аштық тақырыбы, Магнитский тізімі, ұрланған активтер және басқа да маңызды мәселелер бойынша жұмысты жалғастыру үшін Еуропада тіркелу» ниеті туралы айтылды.

Қазіргі уақытта Әкежан Қажыгелдин Қазақстандағы қандай да бір саяси оқиғаларға пікір білдіріп белгілі бір БАҚ-қа анда-санда ауқымды сұхбат береді.
Серікжан Мәмбеталин