Барлық Меңдіғазиев

Общая информация

Общая информация

Меңдіғазиев Барлық Қабжанұлы 1969 жылдың 1 мамырында БҚО-да туған.

Үйленген, екі баласы бар. Отбасы АҚШ-та тұрып жатыр.

Әблязовтің БҚО-лық клоны

Әблязовтің БҚО-лық клоны

Барлық Меңдіғазиевтің өмірі Мұхтар Әблязовтің криминалдық оқиғасын қайталайды. БҚО-лық кәсіпкердің масштабы, әрине, оған жете алмайды, бірақ бар қылмыстық қызметі «оппозицияға» барып тірелді.

Қалай айтқанда да, бұл өңірдегі оппозиция бизнес-мәселелерді шешу әдісімен тығыз байоанысты. Мысалы Лұқпан Ахмедияров басқаратын «Абырой» ҚҰ. Абыройлықтарды шенеуніктер мен бизнесмендерге қатысты тапсырыстар үшін қаламақыны өтеп жатқан оппозициялық «торпедо» десек, өңір масштабында Меңдіғазиев мини-Әблязов болып шықты.

Барлықбек Қабжанұлының есімі бүкіл Қазақстанға 2015 жылдың соңында, Меңдіғазиев өз бизнесін еңбек ұжымының меншігіне беретінін жариялаған кезде белгілі болды. Ол компанияның құнын $40-50 млн-ға бағалады, кәсіпкер өзінің шешімін ұжымды тәуекелге ұшыратқысы келмейтіндігімен түсіндірді, өйткені ол қоғамдық қызметпен, атап айтқанда өңірдің экологиялық проблемаларымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреспен айналысуға ниетті екенін айтқан, себебі бұл «қауіпті болуы мүмкін».

Ақсай қаласындағы кәсіпорында өткен баспасөз конференциясы барысында кәсіпкер компанияны ұжымның меншігіне берудің заңды рәсімі аяқталғанын хабарлады. Меңдіғазиевтің айтуынша, қызметкерлер — оның бұрынғы компаниясының толыққанды акционерлері.

Алайда, «KSS Building» ЖШС Бас директоры Барлық Меңдіғазиевтің бұл әрекеті де екіұшты болды. 2016 жылдың күзінде TEDx Almaty конференциясында кәсіпкер тіпті спикер ретінде сөз сөйлеп, «айналасындағы адамдардың талантын қалай ашатынын», «детальдарға назар аударатынын», өз атындағы «бизнес-табыстың құпиясын» және «нағыз халықтық IPO» іске қосу тарихын баяндады. Осындай дардай цинизм.
2013 жылғы 12 шілдеде Алматы қаласында өткен баспасөз мәслихатында Меңдіғазиев БҚО әкімі Нұрлан Ноғаевты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыптап, мұнай қоймасы құрылысына қарсы шыққаннан кейін облыс әкімінен қысым көргенін мәлімдеді.

Содан кейін құрылыс тоқтаған, бірақ кәсіпкердің айтуынша, биліктің өкпесі қара қазандай болған. Шарасыз кәсіпкер журналистерге әкімнің тапсырысы бойынша оның кәсіпорнын салықтық тексеру басталғанын, содан кейін қаржы полициясы іске қосылғанын айтты. Осылайша, Меңдіғазиевті салық төлеуден жалтарғаны үшін айыптап, компанияның мүлкі мен шоттарына тыйым салды.

Бір жағынан, кәсіпкердің шағымына, бірқатар жағдай болмаса, сенуге болар еді. Олардың ең бастысы — «KSS building» ЖШС банкроттық шегінде болды және Меңдіғазиевтің салық берешегі шынымен де болған. Кәсіпкер бюджетке 139 млн тг төлемеген. Сөйтіп, барлық қаржылық қиындықты өз жұмысшыларының мойнына артып қоюдан басқа ештеңе ойлап таппады. Айтпақшы, ол бірнеше ай бойы жалақы төлемей, ал кешіксе жұмыстан шығарып жіберген кездері болған, бірақ өзі оларға автобус ұсына алмаған.

Меңдіғазиевтің әкімге қарата айтқан сыны туған өңіріне деген махаббат пен ондағы экологиялық жағдайға алаңдаудан туған жоқ. Нақтысын айтқанда, мұнай қоймасы құрылысының жобасы бәсекелесі «KSS building» ЖШС-ға берілді, ал БҚО-да мұндай мәселелерді радикал тәсілмен шешу әдетке айналған — ал билікті адал, бірақ оппозициялық ниеттегі кәсіпкерлерді қудалады деп айыптайды. Меңдіғазиевтің істегені осы.

Шынтуайтына келсек, 2012 жылы Ақсай қаласындағы қаржы тексерісі ҚР заңнамасы бойынша жүргізілді. Бұйрыққа сәйкес, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті 2012 жылдың I және II жартыжылдығына арналған салықтық тексерулер жоспарын жасады. 2012 жылғы 10 мамырда белгіленген өлшемдерге сәйкес 2012 жылғы II жартыжылдыққа тексеру жоспары жасалды және ҚР ҚМ СК және Бас прокуратураның ресми сайттарында орналастырылды. «КЅЅ building» ЖШС заңнамаға сәйкес 2012 жылғы 13 маусымда жоспарлы салықтық тексеру туралы хабарлама алды. Бұл Меңдіғазиев бастаған мұнай қоймасын салуға байланысты қоғамдық наразылық толқынына дейін болған (бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар 2012 жылдың шілдесінде өткен).

Алматыдағы баспасөз конференциясында Меңдіғазиев облыс әкімдігін мұнай қоймасын салумен айналысып жатқан «Промэкосервис Орал» ЖШС (басшысы — И. Дәулетов) мүдделерін лоббиледі деп айыптады. Бірақ ол бұл ЖШС-нің де тексеруден өткенін ұмыта салды. Сол тексеріс барысында «Промэкосервис Орал» жобаға тиісті экологиялық сараптамасыз полигон құрылысын бастап, осылайша қолданыстағы заңнаманы бұзғаны анықталған. ЖШС-ға БҚО қадағалау және бақылау органдары тарапынан бірнеше рет айыппұл санкциялары салынды.

2012 жылдың тамыз айында БҚО бойынша экология департаменті БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы негізінде «Промэкосервис Орал» ЖШС-на нысан құрылысының заңдылығына жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде «Промэкосервис Орал» директоры И. Дәулетов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу үшін 307 647 тг сомасына талап қойылды. Үш аптадан кейін ЖШС «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңын бұзғаны үшін тағы да 307 420 тг көлемінде айыппұл салды.

Барлық Меңдіғазиев Алматыда өткен баспасөз конференциясына барып, ешқайда кетпеу туралы қолхат талабын бұзды — салық төлеуден жалтарғаны үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оңтүстік астанадан оралғаннан кейін бірден Бөрлі аудандық сотының шешімімен кәсіпкер қамауға алынды.

Расын айтсақ, Меңдіғазиев дереу «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Қоғамдық кеңесіне біртіндеп хат жолдай бастады, онда ол «Батыс Қазақстан облысының әкімі Ноғаев мырзаның атына эмоционалдық күйде және үшінші тұлғалардың айдап салуымен негізсіз сөздер, айыптаулар айтқанына» өкінетінін жазды. Сонымен қатар, Меңдіғазиев барлық салық қарызын өтеген, сондықтан «Атамекен» оны «тез арада босату» туралы өтініш білдірген.2013 жылдың 23 қазанында Бөрлі аудандық соты Барлық Меңдіғазиевке қатысты үкім шығарды. Кәсіпкерге 500 АЕК көлемінде айыппұл салынып, бір жыл мерзімге кәсіпкерлік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Меңдіңазиев өз қызметкерлеріне асқан сезіммен берген «KSS building» ЖШС-не келетін болсақ, ол №2713-17-00-2/1666 сот шешімі негізінде банкрот деп танылды. Қазіргі уақытта ЖШС-нің 244 млн тг берешегі бар. Егер кәсіпорынның салықтық аударымдары туралы ақпаратты қарасаңыз, онда салықтық тексеру жүргізілген 2013 жылдың ең тиімді болғанын көре аласыз. Содан кейін салық сомасы жылына 8 млн теңгеден аспады, ал 2018 жылдан бастап мүлдем тоқтады.

Алайда Меңдіғазиевтің басқа да табыс көздері бар. Мысалы, 1998 жылы құрған «Karachaganak Support Services» ЖШС. Алайда мұнда да мәселелер күрделі.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) "Karachaganak Support Service" ЖШС (KSS) бизнес-менеджері Б. Қ. Меңдіғазиевке (іс жүзінде басшы) қатысты аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару, сондай-ақ ҰҚТ құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр», — деп мәлімдеді 2020 жылғы қарашаның басында Қаржы министрлігінің ҚМК баспасөз қызметі.
«ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті (ЭТД) "Karachaganak Support Service" ЖШС (KSS) бизнес-менеджері Б. Қ. Меңдіғазиевке (іс жүзінде басшы) қатысты аса ірі мөлшерде бюджетке салық төлеуден жалтару, сондай-ақ ҰҚТ құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр», — деп мәлімдеді 2020 жылғы қарашаның басында Қаржы министрлігінің ҚМК баспасөз қызметі.
Меңдіғазиевке ҚР ҚК-нің 245-бабының 3-бөлігі (ұйымдардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару) және 262-бабының 1-бөлігі (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, оларға қатысу) бойынша айып тағылды.

Ал сол кезде Меңдіғазиев қашып кетті, ал оппозициялық БАҚ «сұмдық» жаңалықты таратты:
«Батыс Қазақстандағы Ақсай қаласында кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевке тиесілі компания аумағында "жедел шаралар" өтті. Екі маңызды мәселе: Меңдіғазиев барлық активті еңбек ұжымына тапсырды, ал өзі құқық қорғау қызметімен айналыса бастады.

Соққы "Қазақстан деп аталатын қызыл аймақтағы тәуелсіз аралға" тиді – қоғам қайраткері және құқық қорғаушы Барлық Меңдіғазиев өз қызметкерлеріне басқаруға берілген, оған бұрын тиесілі компанияға қатысты "жедел әрекеттерді" осылай сипаттады.

6 қарашада ондаған қара бетперде киген қарулы адам "Karachaganak Support Servises (KSS)" сервистік компаниясының аумағына кіріп келді, олар не іздегені түсініксіз».
«Батыс Қазақстандағы Ақсай қаласында кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевке тиесілі компания аумағында "жедел шаралар" өтті. Екі маңызды мәселе: Меңдіғазиев барлық активті еңбек ұжымына тапсырды, ал өзі құқық қорғау қызметімен айналыса бастады.

Соққы "Қазақстан деп аталатын қызыл аймақтағы тәуелсіз аралға" тиді – қоғам қайраткері және құқық қорғаушы Барлық Меңдіғазиев өз қызметкерлеріне басқаруға берілген, оған бұрын тиесілі компанияға қатысты "жедел әрекеттерді" осылай сипаттады.

6 қарашада ондаған қара бетперде киген қарулы адам "Karachaganak Support Servises (KSS)" сервистік компаниясының аумағына кіріп келді, олар не іздегені түсініксіз».
Меңдіғазиев әлеуметтік желілер арқылы отқа май құйып, мынадай хабар таратты: «оларды (кәсіпорын қызметкерлерін – еск.) маған және менің отбасымның мүшелеріне қатысты жалған куәлік беруге мәжбүр етіп жатыр».

Бірақ Меңдіғазиев еңбек ұжымына 2020 жылға қарай банкротқа ұшыраған мүлдем басқа ЖШС-ні «сыйға тартқаны» есімізде. Ал «Karachaganak Support Services» ЖШС ашық дереккөздерден алынған ақпарат бойынша 1998 жылы тіркелген, бірақ Алматыда. Жекеменшікті жалға берумен және басқарумен айналысады.

Алайда интернеттен мұнай-газ, тау-кен, химия, фармацевтика және тамақ өнеркәсібіне арналған сараптамалық жабдықтар мен химиялық өнімдермен айналысатын компанияның атына ЖШС басшысы Бауыржан Жүсіповтің атынан жазылған алғыс хатын табуға болады.

Сондай-ақ, Интернетте «Karachaganak Support Services» сервистік қызмет көрсетудің негізгі түрлері бойынша маманданғаны туралы ақпарат бар, олар: мұнай шламдарын, бұрғылау шламдарын (мұнай негізінде) және құрамында мұнайы бар суды қайта өңдеу; мұнай шламдарын, резервуарларды, жинағыш тоғандарды және қамбаларды тазарту; мұнай шламдарын жою және ластанған аумақты рекультивациялау.

Мұнда жылжымайтын мүліктің қатысы не дерсіз?

Бұдан басқа, «Karachaganak Support Services» ЖШС 2017 жылдан бастап 16 сот талқылауына қатысқаны белгілі. Бұл Мендіғазиевтікіне ұқсас басқа ЖШС деп болжауға болады, бірақ сот құжаттарында БҚО-дан келген «шарасыз» кәсіпкердің аты-жөні көрсетілген.

Меңдіғазиев «қарулы адамдардың шабуылынан» көп уақыт бұрын АҚШ-қа кетіп қалған, онда оның отбасы тұрады және қонақүй бизнесі бар. Өзінің «саяси әріптесі» — Мұхтар Әблязовтің тактикасын қолданады: өзінің қылмыстық істерін оппозициялық қызметпен жабады.Әблязов болса Барлық Қабжанұлының «Назарбаевқа қарсы санкцияларды» жазып қойғанын, тіпті Тұңғыш Президентке «қысым көрсете бастағанын» айтып, оған белсенді түрде көмектесіп келеді.

Меңдіғазиев Қазақстанда азаматтық құқықтар үшін күрес қорының әзірленгенін және «Қазақстанда адам құқықтарын өрескел бұзатын шенеуніктердің қара тізімін» құру жоспарын мәлім еткен. Дегенмен, өзі бұрыннан бері Қазақстанды тонап, «оппозиционерге» айналған бизнесмендер тізімінде тұр.
Серікжан Мәмбеталин